Сабақ жоспары: Бисквиттік қамыр
Сабақтың тақырыбы: Бисквиттік қамыр
Сыныбы: 10
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бисквит қамырын дайындау технологиясын, сұраныс заңы туралы айту;
Дамытушылық: оқушыларды тамақ дайындау мәдениетіне қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды эстетикаға, этикаға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ жауап
Сабақтың көрнектілігі: оқулық
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Кондитерлік ыдыстарға не жатады?
2. Миксер дегеніміз не?
3. Кондитерлік пышақпен қалай пайдаланамыз?
4. Сұраныс шамасы дегеніміз не?
Сұраныс пен сұраныс шамасының айырмашылығы не?
llІ Жаңа сабақ
Бисквит қамыры деп — жұмыртқаға қант қосып, көлемін 2-3 есе арттырып көпіртіп, ұнмен араластырған қамырды айтады. Бұлғау кезінде масса құрамында көптеген ауа көпіршіктері пайда болуы арқасында көлем артады. Бисквит қамырының негізін қант, жұмыртқа, ұн құрайды. Дәм бергіш қосындылар ретінде лимон немесе апельсин қабықтары, ванилин, ұнтақ – какао немесе мейіз, жаңғақ, бадам қолданылады.
Бисквит қамырды қопсытқышсыз немесе ашытқысыз дайындалады. Тек майлы бисвит дайындағанда аздап ас содасын қосады. Басқа ұн тағамдарына қарағанда бисвит бұйымдары жеңіл, жұмсақ және жұқа тегіс қабықты болады. Бисквит қамырынан торт, пирожныйлар, орама нандар пісіріледі.
Қант – жұмыртқа қоспасын жылдам көпсіту және жедел қамыр илеу бисквит қамырын дайындау технологиясының ерекшелігі болып табылады. Дайын қамырды бірден қалыпқа құйып пісіруге қояды. Алынатын бисквит қамырының сапасы жұмыртқаның ескі болмауына және көпсіту уақыты мен пісіру жағдайына байланысты.
Бисквит қамырының негізгі рецептурасы
Қамыр түрі
Ұн
( стакан)
Қант
Жұмыртқа
(дана)
Сары май
Крахмал
Су
Жай бисквит қамыры
1
1
4-5
Картоп крахмалды бисквит қамыры
3 ас қасық
3 ас қасық
5
3 ас қасық
Суға иленген бисквит қамыры
1/4
3/4
5
4-5 ас қасық
Сары майлы бисквит қамыры
2/3
1/2
4
4 ас қасық
Қалыпты бисквит көлемінің пісіру кезінле өзгеруін ескере отырып жартылай толтыру керек. Бисквитті 180 -200 С температурада 30 -45 мин пісіреді. Орама мен бисквит қамыры 8- 10 мин азырық пісіріледі, басылып қалмау үщін бисквитті піскен соң біраз уақыт қаңылтырпеште ұстау керек. Піскендігін ортасына ағаш шыбық кіргізу арқылы тексереді. Егер шыбық құрғақ болса, бисквит дайын. Бисквит қалып ыдыстан жеңіл бөліну үшін оны алдын ала майлайды, қағаз төсейді немесе құрғатылған нан қоқымын себеді.
1. Жұмыртқаларды жарып ыдысқа түгел құяды да, үздіксіз араластыра отырып субылауда 40- 50С- қа жылытады. Сонан соң ыдысты судан түсіріп, қоюланғанша араластырады. Аздап ұн себе отырып қамыр иленеді. Бұл тәсілді сары уызды бөлу қиындаған жағдайларда қолданады. Бұл тәсілдің артықшылығы — бисквит пісіп болған соң отырып қалмайды.
2. Жұмыртқаларды бір-бірден жарып, ыдысқа құяды. Әр жұмыртқадан соң 2 ас қасық қант қосылып, көпсітіледі. Қант түгел қосылып, барлық жұмыртқаны көпсіту аяқталған соң, ұн салып қамыр иленеді. Бұл тәсілде уақыт үнемдеу үшін электр миксерін қолданған дұрыс.
Сұраныс заңы
Кестеден сатып алушалар апта ішінде 100 теңге бағамен 400 л шырын сатып алуға әзір екендігі көрініп тұр. Бағаны 110 теңгеге көтеру сатылу көлемін 360 литрге дейін қысқартады, яғни тауар бағасының өсуі оған сұраныстың шамасын азайтады. Осыдан тауарға деген сұраныстың шамасы оның бағасына байланысты екендігін және бұл байланыс кері (жағымсыз) екендігін көреміз, яғни сұраныстың шамасы мен баға өзара қарама-қарсы бағытта өзгеріп отырады: тауар бағасы қымбат болған сайын оған деген сұраныстың шамасы азая түседі (P↑ Q↓) және керісінше баға арзандаған сайын сұраныс шамасы көбейеді (P↓ Q↑).
Мұндай бақылау сатып алушының нарықтағы іс-әрекетінің заңдылығын тұжырымдауға мүмкндік береді: арзан бағамен тауар жоғары бағадағы тауарға қарағанда көбірек сатып алынатын болады (сұраныс заңы).
1. Бисквит қамырының негізін құрайтын қандай тағамдар?
2. Бисквит қамырын дайындаудың неше тәсілі бар?
3. Әр қайсысына сипаттама беріңдер.
4. Бисквит қамырының сапасы неге байланысты?
Сұраныс заңы дегеніміз не?
Ү Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта біз, бисквит дайындау технологиясын, сұраныс және сұраныс икемділігі туралы білдік.
ҮІ Үйге тапсырма. Бисквит жасау.
ҮІІ Оқушылардың білімін бағалау
ҮІІІ Рефлексия
ІХ Жұмыс орнын ретке келтіру
«Бисквит қамыры және түрлері» өндірістік оқыту сабағының әдістемелік әзірлемесі
Ақмола облысының білім басқармасы
КММ «№5 Агротехникалық колледж»
Әдістемелік әзірлеме
«Арнайы технология» пәні бойынша
Тақырып: Бисквит қамыры және түрлері.
2015-2016 оқу жылы.
№__________Сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
Сабақтың тақырыбы : Бисквит қамыры және түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге бисквит қамыры және одан қандай өнімдер пісіретіндігі туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, студенттерді өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік:Студентерді әсем пирогтар жасауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сарамандық
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, биология,тауартану.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
•Студенттермен сәлемдесемін;
•Студенттерді түгендеймін;
•Студенттердің құрал – жабдықтарын түгендеу;
•Студенттердің зейіндерін сабаққа аударту.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, студенттерге тақырып бойынша сұрақтар қою.
-самса-құрамы дайындау технологиясы
-қаттама қамырдан орама дайындау технологиясы
III.Жаңа сабақ.
Слайд1.
Бисквит қамырының негізі — жұмыртқа. Жоғары сортты ұн пайдаланылады. Бисквит қамырын картоп және бидай ұнының қоспасынан әзірлеуге болады, бірақ картоп ұны бисквитті құрғатады. Қант ұнтағын пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырлы сұйылтып жібереді, ұсақ құмшекер пайдаланған жақсы. Хош иісті етіп, дәмін келтіру үшін қамырға лимон шырынын және цедра қосады, шоколад тортын әзірлегенде ұнтақ какао пайдаланылады. Бисквитті даярлауға кіріспестен бұрын оны пісіретін қалып әзірлеу керек. Егер өрнеуі алынбалы арнаулы қалып болмаса, оның орнына қаңылтыр таба аласа алюминий кастрюль пайдалануға болады. Қалыпқа алдын ала таза қағаз (аздап сары май жағылған) төселеді, ол түбіне және ішкі қабырғаларына нығыз жабы сып тұруы қажет. Егер қағаз болмаса, қалыпқа май жағыл, еленген кепкен нан ұнтағын немесе ұн себуге болады.Бисквиттен рулет, торт, пирожный және печенье жасайды. Рулет әзірлеуге арналған бисквитті салқындатуға болмайды, өйткені рулет ыстық күйінде қоюланып, ұйысып қалады. Егер бисквит күйіңкіреп кетсе, ол салқындағаннан кейін күйген жерлерін үккішпен тазалаған жөн. Рулет үшін бисквитті қалыңдығын 2—21 /2см етіп, қаңылтыр табала пісіреді, пісу уақытты 25—30 минут. Піскен бисквитті табадан алып, қағазынан тазартқан соң салфеткаға салады, әзірленіп қойылған начинканы жағады және ыстық күйінде рулет жасайды. Начинкаға джем, қайнатпа алма пайдаланылады. Торт үшін бисквитті биіктігі 8—10см, диаметрі 22—25см қалыпта пісіреді, пісу уақыты 50—60 минут.
Бейне көрініс –студенттердің бисквит өнімдерінің түрлерін жасау жолдары жайлы
-Бисквит өнімдерін сәндеу,безендіру.
Студенттер, бүгін біз бисквит қамырының құрылымы мен жасалу жолдары туралы көп мағлұматтар алдық.Сонымен
• Бисквит қамырының негізін атаңдар?
• Бисквит қамырына қандай ұн пайдаланылады?
• Қалыпқа алдын – ала қағаз не үшін төселеді?
• Бисквитті қандай температурада пісіреміз?
Үйге тапсырма беру: бисквит қамырының технологиялық схемасын сызып келу.
Технологиялық карта
Тақырып: Бисквит өнімдері
Тағамның аты: Кекс
№
Азық-түліктің аты
Салмағы
1сыбаға ға (30гр)
Брутто
нетто
брутто
нетто
1
Жұмыртқа
3 дана
3 дана
0,005
0,005
2
құмшекер
0,160
0,160
0,010
0,010
3
май
0,200
0,200
0,009
0,009
4
ванилин
0,010
0,010
0,001
0,001
5
Қамыр қопсытқыш
0,020
0,020
0,001
0,001
6
Ұн
0,205
0,205
0,009
0,009
7
мейіз
0,040
0,040
0,002
0,002
8
Барлығы қамыр
0,845
0,845
9
Құмшекер ұнтағы
0,200
0,200
0,009
0,009
Шығымы:
23дана
0,030гр
23дана
0,030гр
—
1дана
0,03гр
Дайындау технологиясының мінездемесі:
Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп, ағын 5 минут былғап құмшекер қосып қоюланғанша араластыру,арластырылған сары уыз,ерітілген сары май қосып араластыру. Ұнға қамыр қопсытқыш,ваниль ұнтағын қосып барлығын араластырып,қалыптарға мейіз салып қамыр құйып 180С -30 минут дайындау.
Технологиялық карта
Тақырып: Бисквит өнімдері
Тағамның аты: Орама
№
Азық-түліктің атауы
Салмағы
1сыбаға ға (30гр)
Брутто
нетто
брутто
нетто
1
Жұмыртқа
3 дана
3 дана
0,005
0,005
2
құмшекер
0,160
0,160
0,010
0,010
3
ванилин
0,010
0,010
0,001
0,001
4
Қамыр қопсытқыш
0,020
0,020
0,001
0,001
5
Ұн
0,205
0,205
0,009
0,009
6
мейіз
0,040
0,040
0,002
0,002
7
Барлығы қамыр
0,845
0,845
8
Құмшекер ұнтағы
0,200
0,200
0,009
0,009
9
шоколад
0,200
0,200
0,009
0,009
10
Шығымы:
1 дана
300
Дайындау технологиясының мінездемесі:
Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп, ағын 5 минут былғапқ ұмшекер қосып қоюланғанша араластыру,сары уыз қосып араластыру. Ұнға қамыр қопсытқыш,ваниль ұнтағын қосып барлығын араластырып, қалыптарға мейіз салып қамыр құйып 180С -30минут дайындау.
Дайын болған соң қара шоколадтты ерітіп бетіне құйып әсемдеу.
Технологиялық карта
Тақырып: Бисквит өнімдері
Тағамның аты:Торт
№
Азық-түліктің атауы
Салмағы
1сыбаға ға (30гр)
Брутто
нетто
брутто
нетто
1
Жұмыртқа
3 дана
3 дана
0,005
0,005
2
құмшекер
0,160
0,160
0,010
0,010
3
ванилин
0,010
0,010
0,001
0,001
4
Қамыр қопсытқыш
0,020
0,020
0,001
0,001
5
Ұн
0,205
0,205
0,009
0,009
7
Барлығы қамыр
0,845
0,845
8
Құмшекер ұнтағы
0,200
0,200
0,009
0,009
Крем
9
құмшекер
0,200
0,200
0,009
0,009
10
қаймақ
0,200
0,200
0,009
0,009
10
Шығымы:
1дана
300
Дайындау технологиясының мінездемесі:
Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп, ағын 5 минут былғапқ ұмшекер қосып қоюланғанша араластыру, сары уыз қосып араластыру. Ұнға қамыр қопсытқыш,ваниль ұнтағын қосып барлығын араластырып, қалыптарға мейіз салып қамыр құйып 180С -30минут дайындау.
Дайын болған соң қаймақ пен құмшекерді бұлғап ерітіп бетіне құйып әсемдеу.
Технологиялық карта
Тақырып: Бисквит өнімдері
Тағамның аты: Кекс
№
Азық-түліктің атауы
Салмағы
1сыбаға ға (30гр)
Брутто
нетто
брутто
нетто
1
Жұмыртқа
3 дана
3 дана
0,005
0,005
2
құмшекер
0,160
0,160
0,010
0,010
3
май
0,200
0,200
0,009
0,009
4
ванилин
0,010
0,010
0,001
0,001
5
Қамыр қопсытқыш
0,020
0,020
0,001
0,001
6
Ұн
0,205
0,205
0,009
0,009
7
мейіз
0,040
0,040
0,002
0,002
8
Барлығы қамыр
0,845
0,845
9
Құмшекер ұнтағы
0,200
0,200
0,009
0,009
Шығымы:
1дана
300
Дайындау технологиясының мінездемесі:
Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп, ағын 5 минут былғап құмшекер қосып қоюланғанша араластыру,арластырылған сары уыз, ерітілген сары май қосып араластыру. Ұнға қамыр қопсытқыш,ваниль ұнтағын қосып барлығын араластырып,қалыптарға мейіз салып қамыр құйып 180С -30минут дайындау.
Открытый урок по технологий на тему «Бисквит қамырын дайындау»
Бисквит қамырын дайындау және безендіру
Бағалау критерилері : 1. Қаүіпсіздік ережесін ұстанады
2. Бисквит дайындау тәсілін біледі,пісіреді
3. Безендіруде шығармашылық танытады
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі : Дайын пирог , бисквит түрлері .
Пәнаралық байланыс : бейнелеу өнері, биология.
Күтілетін нәтиже : —Топтың жұптық жұмыс,жұмыс жасап үйренеді
-Пікірін ашық , еркін жеткізеді
-Сыни көзқарас пайда болады
— Тағамдарды безендіруді үйренеді
Құрал – жабдықтар : тоқ пеш,миксер,ыдыс – аяқтар, азық түліктер
Дереккөздер : Кондитер өнімдерінің суреттері АКТ, интербелсенді тақта.
Тапсырмалар :
1.жұптық жұмыс
2. оқушылар мен сұхбат
3.Сарамандық жұмыс
4.тест
5. Өзін – өзі бағалау
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Бірінші мен амандасамын
1. Сәлеметсіздерме қонақтар және оқушылар сәлемдесемін.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударамын
Енді оқушылар ортаға шығып ,шаттық щеңберін құрамыз (жүректен-жүрекке бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз)
« Күн шуағы »
Қол үстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік
Шуақ шашқан күндей боп
Сабаққа біз кірсейік
Енді, оқушылар біз казір топқа бөлінеміз мен әртүрлі түсті шар лақтырамын
(шар арқылы ойын) сендер осылайша топқа бөлінесіндер.
Оқушыларды топқа бөлу
Топ ережесі:
1.Тыныштық сақтаймыз
2.Бір – бірімізді тыңдаймыз
3.Уақытты үнемдейміз
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы *Бисквит қамырын дайындау және безендіру*
Бисквит қамыры деп — жұмыртқаға қант қосып, көлемін2-3 есе арттыра көпіртіп, ұнмен араластырған қамырды айтады.Жұмыртқа мен қантты арнайы құрылғымен (металл былғауышпен немесе миксермен) мөлшері бірнеше есе үлкейгенше бірнеше минут әбден көпіршітеді. Бұлғау кезінде масса құрамында көптеген ауа көпіршіктері пайда болуы арқасында көлемі артады.(Жұмыртқа мен қант араластырған ыдыс пен бұлғауыш таза жуылған болуы керек,ешқандай майдың қалдығы болмауы қажет.) Содан кейін 2-3 рет бөліп еленген ұн қосады.Қамыр сұйық консистенциялы болады.Сұйық қамырды май сіңген пергамент қағазы төселген қаңылтыр табаға құяды.Қант, жұмыртқа қоспасын жылдам көпсіту және жедел қамыр илеу бисквиттік қамырдың дайындалу технологиясының ерекшелігі болып табылады.Дайын қамырды бірден қалыпқа құйып пісіреді.
Бисквиттік қамырды 200 – 220 С температурада пісіреді.Бұдан жоғары температурада бисквит бетінде қабыршық пайда болады.Қабыршық ылғалдың шығуын тежейді ,нәтижесінде жеткілікті піспей күйіп кетеді.Мұндай бисквит салқындағаннан кейін шөгіп қатты болып қалады.Сондай – ақ алғашқы 10-15 мин-та қаңылтыр пешке салынған формадағы бисквиттік қамырды қозғауға,бірден сілкуге болмайды, мұндай жағдайда бисквит шөгіп, тығыздалып қалады.Өнімнің піскен – піспегенін ағаш инемен шаншып көріп, анықтайды.Егер ине құрғақ болып шықса,онда бисквит дайын.
Піскен бисквитті формадан оңай алу үшін, қамырды формаға құймастан бұрын қалыпты мұқият майлау немесе ұн себу керек, я болмаса арнайы қағаз (калька) төсеу қажет.Қағаз бисквиттік сындырып алмай формадан алуға көмектеседі.Қағаз бисквиттен оңай ажырауы үшін оны бірнеше минут дымқыл шүберектің үстіне қою керек (майлық,сүлгі).
Бисквит пісіру үшін әртүрлі пішіндегі форманы пайдалануға болады: дөңгелек,сопақ,әртүрлі фигуралар,тік бұрыштар.
Бисквит жеңіл,жұмсақ,қампиған,нәзік құрылымды болумен және тегіс жұқа қабығымен сипатталады.Бисквиттік қамырдан торт,пирожный,орамалар дайындалады.Бисквиттік қамырды дайындау өте оңай.Бисквиттік қамырды басқа азық – түліктер қосып түрлендіруге де болады: кремдер,көпсітілген қаймақ,глазурь,балауса жеміс – жидектер,жаңғақ,джем,тосап,т.б.
Оқушылар сарамандық жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
1.Біз қандай құралдармен жұмыс жасаймыз? (Тоқ пеш ,миксер)
Қолын суланған болса,еш уаққытта электр өшіргішке,розетқаға,электр аспаптарға жақындама
2. ПЫШАҚТЫ ҚАЛАЙ ҮСЫНАМЫЗ?
( ҮШКІР ЖАҒЫН ӨЗІМЕ ҚАРАТАМЫН )
3. Ыстық заттармен жұмыс орындағанда қандай жеке қорғану құралдармен қолданасындар? (қолғап, ұстағыш,)
4. Күйіктен зардап шеккен жағдайда қандай алғаш көмек көрсету қажет? (залалсыздандырылыған танғыш тарту және дәрігерге қарату)
5.Қандай санитарлық жеке қорғаныс білесіндер? (алжапқыш,бас киім ,тырнақ қысқа болу керек)
Сарамандық жұмыс
Жұмыстың мақсатты: бисквит қамырын дайындау, уйрену
Қажетті құрал – жабдықтар: елеуіш,өлшеуіш стақан,кастрөл,ас қасықтар,тостақтар,тортқа арналған алмалы – салмалы жақтауы бар қалыптар,пышақтар,бұлғауыш немесе араластырғыш, пергаментті қағаз.
Азық – түліктер : қамыр үшін – 1стақан ұн , 1стақан қант,6 жұмыртқа.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
1.Жұмыртқа мен құмшекерді араластырып, көлемі бірнеше есе үлкейгенше көпсітеді..
2. Еленген ұнды қосып,сүйық консистенциялы қамыр алады.
3.Май сіңген пергамент қағазы төселген қанылтыр табаға сүйық қамырды құяды .
4.200-220 С температурада пісіреді.
БИСКВИТТІК ҚАМЫРДЫҢ САПАСЫН ТЕКСЕРУ
Бисквиттік қамыр көтеріңкі,қампиған нәзік консистенцялы,ашық сары реңкті болуы керек.Піскен бисквиттің беті тегіс ,үстінгі қабығы жылтыр сарғыш түсті болады.Бисквиттің ортасы кеуекті,былқылдақ ,қампиған болуы қажет.Үстінен басқанда оңай сығылады да содан кейін тез қалпына келеді.
Сергіту Сұрақ
1 Нан мен майдан жасалатын тісбасар (закуска)?
2 Кофенің Отаны?
3 Макарон өнімдерінің Отаны?
4 Шайдың Отаны?
5 Бұл ауыр ұзақ уақыт толық қүнды тамақтанбаудан, тамақ құрамында тиісті дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру?
6 Көкөністерден жасалатын суық тағам?
4. Сабақтың қорытындылау
Оқушыларға сұрақ қоямын.Біз бисквит қамырының құрылымы мен жасалу жолдары туралы не білеміз?
1)Бисквит қамырының негізі неде?
2)Бисквит қамырына қандай ұн пайдаланады?
3)Лимон бисквит қамырына не үшін қослады?
4)Қолдын алдын – ала қағаз не үшін төселеді?
А. Әр топ еңбектерін қорғайды.
1 топ 2топ
Б. Кондитерлік тағамдарды дегустациялау
Сарапшы өнімге сапалық баға береді.
САБАҚ СОҢЫ
ТЕСТ
1.Қамырды илер алдында ұнды
А.кептіреді
В.електен өткізеді
С.іріктейді
2.Кристалды ақ түсті иісі жоқ , дәмі тәтті өнімді анықтаныз
А.желатин
В.ас содасы
С.құмшекер
Д.тұз
Е.крахмал
3.Бисквит қамырды пісіретін температура
А.230-260 С
В.150-170С
С.200-220С
Д.220-250С
4. Ұнтақталған ақ өнім дәмсіз және иіссіз
А.қант
В.ванилин
С.крахмал
Д. тұз
Е.ас содасы
5.Бисквит қамырының негізгі компоненті
А.ұн
В.қант ұнтағы
С.жұмыртқа
6.Пісірілген кондитер (печенье т.б)тағамдарына хош иіспен дәм беру үшін қосылатын зат
А.қант
В.ванилин
С.мак
7.Химиялық қопсытқыш қамыр дайындау кезіндегі
А.ас содасы
В.уксус
С.су
8.Үгілмелі қамырдан дайындаған тағамды анықтаныз
А.ботқа
В.сорпа
С.бәліш
Д.талқан
Е.кеспе
9.Сүйық қамырдан жасалатын аспаздық бүйымдарды белгілеңіз
А.қүймақ
В.нан,пирог
С.түшпара,мәнті
Д.самса,бәліш
Е.бауырсақ
10.Қайнақты қамырдын сапасын анықта
А.сүйық
В.жылтыр,қою,жұмсақ
С. асты қуырылған
Д.қатты қабық
Е.тығыз
Бисквит қамырын дайындау » Білімділер порталы
Қызылорда қаласы,№197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі:
Әлжанова Роза Зейнуллақызы
Сабақтың тақырыбы :Бисквит қамырын дайындау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бисквит қамыры және одан қандай өнімдер пісіретіндігі туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: өз қолымен әсем пирогтар жасауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын пирог, торт түрлері.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, биология.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Бисквит қамырының негізі — жұмыртқа. Жоғары сортты ұн пайдаланылады. Бисквит қамырын картоп және бидай ұнының қоспасынан әзірлеуге болады, бірақ картоп ұны бисквитті құрғатады. Қант ұнтағын пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырлы сұйылтып жібереді, ұсақ құмшекер пайдаланған жақсы. Хош иісті етіп, дәмін келтіру үшін қамырға лимон шырынын және цедра қосады, шоколад тортын әзірлегенде ұнтақ какао пайдаланылады. Бисквитті даярлауға кіріспестен бұрын оны пісіретін қалып әзірлеу керек. Егер өрнеуі алынбалы арнаулы қалып болмаса, оның орнына қаңылтыр таба аласа алюминий кастрюль пайдалануға болады. Қалыпқа алдын ала таза қағаз (аздап сары май жағылған) төселеді, ол түбіне және ішкі қабырғаларына нығыз жабы сып тұруы қажет. Егер қағаз болмаса, қалыпқа май жағыл, еленген кепкен нан ұнтағын немесе ұн себуге болады.
Жұмыртқаның шикі ақуызын сарыуыздан мұқият айырады. Ақуызды тоңазытқышқа қояды (салқындатылған ақуыз тезірек көпіршиді). Кейде көпіршітер алдында ақуызға су (1 ақуызға1/ 2 ас қасық су есебімен) қосады. Бұл көпіршіген ақуыздың мөлшерін көбейтеді. Ақуызды көпіршіген күйінде қалдыруға болмайды, өйткені ол «басылып» қалады. Сарыуызды ағарғанға дейін құмшекермен үгіп езеді. Үгу процесі неғұрлым ұзақ болса, масса соғұрлым ағарып, мөлшері ұлғая түседі және бисквит те сапалы болады. Сарыуыз бен қант жақсы езілгеннен кейін алынған массаны ұнға араластырады, одан соң мұқият араластыра отырып, көпіршіген ақуыз қосады. Дайын болған массаны бірден қалыпқа құяды да, пісіру үшін сол бойда пешке қояды. Бисквитті 200ᵒС-тан аспайтын тұрақты температура жағдайында пісіру керек.
Егер пештің температурасын анықтау мүмкін болмаса, онда қалыптық бетін дымқыл қағазбен ол бисквитке тимейтіндей етіп жабады да, 10 минуттай кейін піскенін тексереді. Егер бисквит ағарыңқы болса, қағазды алып тастауға болады. Бисквит салған қалыпты әбден піскенше қозғауға болмайды. Оның қалай пісіп жатқанын, оны отқа қойғаннан кейін 30 минут өткен соң, қалып тұрған торды немесе қаңылтыр табаны ептеп тартып қарап тексеруге болады. Даяр бисквитті алдымен қалыптан алмай бөлме температурасында салқындатады. Бисквиттен рулет, торт, пирожный және печенье жасайды. Рулет әзірлеуге арналған бисквитті салқындатуға болмайды, өйткені рулет ыстық күйінде қоюланып, ұйысып қалады. Егер бисквит күйіңкіреп кетсе, ол салқындағаннан кейін күйген жерлерін үккішпен тазалаған жөн. Рулет үшін бисквитті қалыңдығын 2—21 /2см етіп, қаңылтыр табала пісіреді, пісу уақытты 25—30 минут. Піскен бисквитті табадан алып, қағазынан тазартқан соң салфеткаға салады, әзірленіп қойылған начинканы жағады және ыстық күйінде рулет жасайды. Начинкаға джем, қайнатпа алма пайдаланылады. Торт үшін бисквитті биіктігі 8—10см, диаметрі 22—25см қалыпта пісіреді, пісу уақыты 50—60 минут.
Қорытынды.
Оқушылар бүгін біз бисквит қамырының құрылымы мен жасалу жолдары туралы көп мағлұматтар алдық. Сонымен
• Бисквит қамырының негізін атаңдар?
• Бисквит қамырына қандай ұн пайдаланылады?
• Лимон бисквит қамырына не үшін қосылады?
• Қалыпқа алдын – ала қағаз не үшін төселеді?
• Бисквитті қандай температурада пісіреміз?
Үйге тапсырма беру: бисквит қамырының технологиялық схемасын сызып келу.
Сабақтың тақырыбы:. Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері | Мұғалімнің аты- жөні: Абдыганиева СымбатКүні: 19-24.09 | ||
Сынып: 9-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | |
Сабақ негіз/ген оқу мақсаты: | Оқушыларға бисквит қамыры және одан қандай өнімдер пісіретіндігі туралы толық мағлұмат беру; | ||
Сабақтың мақсаттары : | Барлық оқушы орындай алады: Бисквит қамыры туралы түсiнiк бар | ||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Бисквит қамыры мeн қайнақты қамыр түрлерін жасауды бiлeдi | |||
Кейбір оқушылар орындай алады: Өз қолымен әсем пирогтар жасайды | |||
Тілдік мақсат: | |||
Ресурстар: | Дайын пирог, торт түрлері, | ||
Пәнаралық байланыс: | Бейнелеу өнері, биология | ||
Алдыңғы оқу: | Бисквиттік қамыр, қайнақты қамыр , торт | ||
Сабақтың жоспары | |||
Жоспарланған уақыт | Берілетін тапсырмалар | Бағалау критерийлері | |
Ұйымдастыру кезеңі2 минут | Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау) | Формативті | |
Үй тапсырмасын сұрау4 минут | Үй тасырмасын сұрау:.Нанға байланысты қандай ырым — тыйымдар білеміз.1. Нан – дән басы. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қою керек.2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Ол үкен күнә.4. Нанды жерге тастауға, шашуға, басуға болмайды.5. Аяқтың астына құранды қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды.(Бұл жерде, құранды басып нанды ал, дегені нан құраннан да қастерлі екенін айтып өткен).6. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде нан ұсынады. | 1. Сұрақтарға жауап берді2. Сыни пікір білдірді3.Өмірден мысал көрсетті | |
Жаңа сабақ15 минут 15 минут | Бисквит қамырының негізі — жұмыртқа. Жоғары сортты ұн пайдаланылады. Бисквит қамырын картоп және бидай ұнының қоспасынан әзірлеуге болады, бірақ картоп ұны бисквитті құрғатады. Қант ұнтағын пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырлы сұйылтып жібереді, ұсақ құмшекер пайдаланған жақсы. Хош иісті етіп, дәмін келтіру үшін қамырға лимон шырынын және цедра қосады, шоколад тортын әзірлегенде ұнтақ какао пайдаланылады. Бисквитті даярлауға кіріспестен бұрын оны пісіретін қалып әзірлеу керек. Егер өрнеуі алынбалы арнаулы қалып болмаса, оның орнына қаңылтыр таба аласа алюминий кастрюль пайдалануға болады. Қалыпқа алдын ала таза қағаз (аздап сары май жағылған) төселеді, ол түбіне және ішкі қабырғаларына нығыз жабы сып тұруы қажет. Егер қағаз болмаса, қалыпқа май жағыл, еленген кепкен нан ұнтағын немесе ұн себуге болады.Жұмыртқаның шикі ақуызын сарыуыздан мұқият айырады. Ақуызды тоңазытқышқа қояды (салқындатылған ақуыз тезірек көпіршиді). Кейде көпіршітер алдында ақуызға су (1 ақуызға1/ 2 ас қасық су есебімен) қосады. Бұл көпіршіген ақуыздың мөлшерін көбейтеді. Ақуызды көпіршіген күйінде қалдыруға болмайды, өйткені ол «басылып» қалады. Сарыуызды ағарғанға дейін құмшекермен үгіп езеді. Үгу процесі неғұрлым ұзақ болса, масса соғұрлым ағарып, мөлшері ұлғая түседі және бисквит те сапалы болады. Сарыуыз бен қант жақсы езілгеннен кейін алынған массаны ұнға араластырады, одан соң мұқият араластыра отырып, көпіршіген ақуыз қосады. Дайын болған массаны бірден қалыпқа құяды да, пісіру үшін сол бойда пешке қояды. Бисквитті 200ᵒС-тан аспайтын тұрақты температура жағдайында пісіру керек.Егер пештің температурасын анықтау мүмкін болмаса, онда қалыптық бетін дымқыл қағазбен ол бисквитке тимейтіндей етіп жабады да, 10 минуттай кейін піскенін тексереді. Егер бисквит ағарыңқы болса, қағазды алып тастауға болады. Бисквит салған қалыпты әбден піскенше қозғауға болмайды. Оның қалай пісіп жатқанын, оны отқа қойғаннан кейін 30 минут өткен соң, қалып тұрған торды немесе қаңылтыр табаны ептеп тартып қарап тексеруге болады. Даяр бисквитті алдымен қалыптан алмай бөлме температурасында салқындатады. Бисквиттен рулет, торт, пирожный және печенье жасайды. Рулет әзірлеуге арналған бисквитті салқындатуға болмайды, өйткені рулет ыстық күйінде қоюланып, ұйысып қалады. Егер бисквит күйіңкіреп кетсе, ол салқындағаннан кейін күйген жерлерін үккішпен тазалаған жөн. Рулет үшін бисквитті қалыңдығын 2—21 /2см етіп, қаңылтыр табала пісіреді, пісу уақытты 25—30 минут. Піскен бисквитті табадан алып, қағазынан тазартқан соң салфеткаға салады, әзірленіп қойылған начинканы жағады және ыстық күйінде рулет жасайды. Начинкаға джем, қайнатпа алма пайдаланылады. Торт үшін бисквитті биіктігі 8—10см, диаметрі 22—25см қалыпта пісіреді, пісу уақыты 50—60 минут. | 1. Өз ойын ашық жеткізе білді2. Толық мәлімет берді3.Өмірден байланыстыра алды | |
Сабақты бекіту3 минут | Қорытынды.Оқушылар бүгін біз бисквит қамырының құрылымы мен жасалу жолдары туралы көп мағлұматтар алдық. Сонымен• Бисквит қамырының негізін атаңдар?• Бисквит қамырына қандай ұн пайдаланылады?• Лимон бисквит қамырына не үшін қосылады?• Қалыпқа алдын – ала қағаз не үшін төселеді?• Бисквитті қандай температурада пісіреміз? | Өз ойын дәләлдеп берді | |
Үйге тапсырма2 минут | 1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма ) | ||
2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма ) | |||
3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма ) | |||
Бағалау2 минут | Оқушыларды жиынтық бағалау | СуммативтіФормативті | |
Кері байланыс2 минут | Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі. | Формативті | |
Рефлексия | |||
1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды? 2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? 3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері.
10- сынып. Технология пәні
Сабақтың тақырыбы: Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Кондитерлік өнімдерді әшекейлеу тәсілдері
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың торт пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру
Тәрбиелік мақсаты: Асханалық ыдыстармен танысып, оларды қолданудың тәртібін ұғындыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: Нанға қатысты ырымдар мен тыйымдар көрсету, тәтті тағамдар буклеті пісірілген торт түрлері, асханалық ыдыс түрлері
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оқу – құралдарын тексеру. Сабаққа көңілдерін аудару. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қайнақты қамырды қандай азық-түліктерден дайындайды?
2. Бисквиттік қамырдан қайнақты қамырдың айырмашылығы қандай?
3. Қайнақты қамырдан қандай өнімдер дайындайды?
4. Бисквиттік қамырдың дайындау технологиясын айтып бер.
Ал енді жоғарғы сынып оқушыларысыздар. Үйге мамаларыңызға, апаларыңызға көмектесесіздер. Біздер 7-сыныпта: «Ұннан кондитер бұйымдарын пісіру тарауымен танысып, машықтық жұмыстар жасаған болатынбыз. Үйге тапсырма ретінде кондитерлік өнім ретінде бір пирог, торт жасап келіп, жасалу жолдарын айту тапсырылған болатын. Ал осы тағамдарды пісіру барысында қандай қауіпсіздік ережелеріне сүйенесіңдер?
Электр пештерімен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері:
1). Қолың суланған болса, еш уақытта электр өшіргішке, розеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама.
2) Ыстық табаны алғанда ағаш тақтайшаға қоюды ұмытпа
3) Пышақ пен шанышқыны ыстық табаның астында қалдырма
4) Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерін, ас үй-ыдыстарын мұқият тазалап жина.
(Енді оқушылар пісіріп келген тағамдарын қалай пісіргенін айтып, түсіндіріп береді.)
III. Жаңа сабақ
Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Торт, пирожный, қаусырмаларды әшекейлеу тәсілдері. Күнделікті өмірде көріп жүрсіздер, нанды қашанда, қастерлеп өскен халықпыз. Нан өнімдерін әр түрлі қамырдан пісіреді.
а) нан өнімдері: нан, тоқаш,бауырсақ
б) Аспаздық өнімдер: құймақтар,тұшпара т.б
в) кондитерлік өнімдер:бәліш, кекс, торт, пирожныйлар.Ал енді осы нанға байланысты қандай ырымдар мен тыйымдар білеміз.
Крем дайындау үшін сатудағы кілегейден (сливки) алу керек. Кілегей – кремнің негізі болып табылады. Кілегейдің түрлері өте көп, калориясы төмен тағам түріне жатады. Оның құрамында май көбірек болса, кілегей жақсы көпіршіп, ұзақ сақталады. Кейде дайын кремдер сатылады.Оны тоңазытқышта қатырып қойып, қажет кезде ерітіп алуға да болады.
Кілегейден крем әзірлеу үшін түбі терең пластмасса ыдыс қажет. Оны миксермен араластырады. Миксердің электрлі және қолмен айналдыратын түрлері бар.
Кілегейді қатты көпіршіту үшін электрлі миксерді қолданған жөн.Оның былғауышы темірінің үлкен болғаны дұрыс. Миксердің былғауышы ыдыстың шетін сырып кетпегенін қадағалаңыз. Электр миксер болмаса, қол былғауышын пайдалана беруге болады.
Кондитерлік өнімді әрлеу үшін арнайы қағаз немесе мата кон-к құйма қалта, түтікше сияқты металл немесе пластмасса ұштықтар кондитерлік шприцтер пайдаланады. Осы құралдың көмегімен кондитерлік өнімдердің бетіне кремдерді өзіңнің қиялыңдағыдай етіп,жағып шығуға болады. Осы қалыптардың әр түрлілігіне қарай тәттіліктерге кремнен толқын,гүл, шар тәрізді әшекейлер жасап безендіруге болады.
IV. Сабақты бекіту сұрақтары
1. Қандай кондитерлік өнімдерді креммен әрлейді?
2. Кондитерлік өнімді әрлеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
3. Тортты әрлеу тәсілдерін айтып беріңдер?
4. Қандай құрылғының көмегімен кондитерлік өнімдерге бедер
жасауға, жазу жазуға болады?
V. Сабақты қорытындылау
VI. Оқушыларды бағалау
VII. Күнделікті талап ету
VIII. Үйге тапсырма беру
Өз бетіңше торт сәндеп, үйреніп келу.
Мәзір: Тортқа арналған бисквит
Торт пісіруде әркім әртүрлі тәсіл қолданады. Торттың түрі тартымды, дәмі тіл үйірерлік болуы үшін бисквиті көтеріліп, жақсы шыққаны маңызды. Массагет сайтының тұрақты қолданушысы Гүлжанат Димаш бірер ай бұрын «Бал қосылған торт» мәзірімен бөліскен еді, енді бисквитті қалай дайындайтынын көрсеткен екен. Таныс болыңыздар.
Қажетті азық-түліктер:
— 6 жұмыртқа;
— 200 гр қант;
— 1 ванилин;
— 150 гр ұн.
Жұмыртқаның ақуызы мен сарысын екі ыдысқа бөлеміз. Бірінші ыдысқа ақуызды саламыз.
Екінші ыдысқа жұмыртқаның сарысын саламыз. Жұмыртқаны салмас бұрын ыдыстардың құрғақ болуын тексеріңіз.
Жұмыртқаның ақуызына қанттың жартысын салып миксермен араластырамыз.
Оның үстіне ванилин салып тағы араластырамыз.
Жұмыртқаның ақуызын суретте көрсетілгендей қоймалжың күйге енгенше араластырыңыз.
Жұмыртқаның сарысына қанттың қалған жартысын салып, миксермен жақсылап араластырамыз.
Жұмыртқа сарысының үстіне жұмыртқаның ақуызынан жасалған қоспаны құямыз.
Арнайы аспаздық қасықпен абайлап астын үстіне қозғау арқылы араластырамыз. Араластырған кезде жайлап қозғаған жөн, себебі көпіргені басылып қалуы мүмкін.
Содан соң ұнды 2-3 рет бөліп саламыз. Жайлап араластырамыз.
Қалыпты майлап оған дайын қамырымызды құямыз.
180 градуста қызып тұрған пеште 35-40 минут шамасында пісіреміз.
Торттарға арналған бисквит дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Массагеттік достарыңызбен бөліскіңіз келетін ерекше мәзіріңіз болса, оны поштамызға сапалы суреттерімен бірге жолдауыңызға болады. Поштамыз: [email protected]